Елордалық Мансап орталығы 700-ден астам жұмыс орнындарын ұсынды

Жарияланған күні:
2023-9-11 сағат 16:10

Елордалық Мансап орталығы 700-ден астам жұмыс орнындарын ұсынды

Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ 2023 жылғы 9 қарашада «Жастар» сарайында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізді.
Жәрмеңкеде қала аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы 700-ден аса тұрақты және уақытша жұмыс орындарына бос жұмыс орындары ұсынылады.
Жәрмеңкеге құрылыс, білім, медицина, сауда, көлік-логистика, қаржы және т.б салалардағы жұмыс берушілер қатысады. Біздің бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне «Отбасы банк» АҚ, «Центр ипотеки Астана» ЖШС, «QazaqZher» ЖШС, «Астана Тазалық» ЖШС, «Банк ЦентрКредит» АҚ Астана қаласындағы филиалы және басқа да көптеген жұмыс беруші компаниялар қатысады.
Сондай-ақ, шара аясында «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс», «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламалар кәсіптік оқыту және «enbek.kz» порталымен жұмыс істеу бойынша кеңес беру бойынша Мансап орталықтарының мамандарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

 

Жарияланған күні: 2023-9-11 сағат 16:10
Сілтеме https://czn.kz/elordaly-mansap-ortaly-y-700-den-astam-zh-mys-ornyndaryn-syndy/