Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру мақсатында Қазақстандағы Халықты жұмыспен қамту орталықтары Еңбек мобильділігі орталықтарына айналды.
Астана қаласының Еңбек мобильділігі орталығы өз қызметін қала аудандарының (Алматы, Байқоңыр, Есіл, Нұра, Сарыарқа) мансаптық орталықтар арқылы жүзеге асыратын болады.
«Мансап орталықтар қала аудандарында жұмыссыз адамға неғұрлым толық спекторын жүзеге асыратын болады, бұл тұтастай алғанда кешенді және тиімді тәсіл болып табылады», – деп түсіндірді Астана қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығының директоры Олжас Омар.
Мансап орталықтары арқылы әрбір тұтынушыға атаулы қызмет жүзеге асырады, атап айтқанда:
АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҚЫЗМЕТТЕР
– Мемлекеттік гранттар (400 АЕК);
– «Ұрпақтар келісімшарты», «Алғашқы жұмыс орны» жобалары;
– Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы жұмыс орындары;
– Қолайлы бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
– Кәсіптік оқыту, әлеуметтік кәсіптік бағдарлау;
– Әлеуметтік жұмыс орындары және қоғамдық жұмыстар;
– Жастар практикасы;
– Микрокредит беру бойынша консультациялар;
– Атаулы әлеуметтік көмек.
ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚЫЗМЕТТЕР
– Жұмыс берушілер үшін кадрларды іріктеу;
– Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша кәсіптік оқыту;
– Жұмыс орындарын құруды субсидиялау.