Ағымдағы жылдың 28 наурызында елордалық Халықты жұмыспен қамту орталығына орталықтың қызметімен танысу мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев келді.
Кездесуге елордалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб пен Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Бақытбек Қабжанов қатысты.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Джусупов жұмыссыз азаматтарды қабылдау барысы, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары туралы айтып берді.
Содан кейін директордың орынбасары Алма Нұрмағамбетова мен бөлімше топ басшысы Айсұлу Сапарова мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы егжей-тегжейлі айтып берді.