Ағымдағы жылдың 27 наурызында «Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау Басқармасы» ММ басшысының бұйрығымен Астана қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры лауазымына Бақытбек Әділбекұлы Қабжанов тағайындалды.
Бақытбек Қабжановтың жалпы жұмыс өтілі 16 жылды құрайды, оның 11-і мемлекеттік қызмет болып табылады.
Бұған дейін «ТЕРРАГРО» ЖШС директоры қызметін атқарған.