Ағымдағы жылдың 30 наурызында елордалық Халықты жұмыспен қамту орталығы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаментімен және Астана қаласының «Сарыарқа» ауданының прокуратурасымен бірлесіп ЖОО түлектеріне, мүгедектігі бар мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға арналған шағын бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізеді.
Жәрмеңке барысында Департаменттің өкілдері жастарға жастар практикасы арқылы жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері туралы айтып, мемлекеттік қызметке кіру ережелері бойынша түсініктеме береді.
Шағын бос жұмыс орындар жәрмеңкесі сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Бейбітшілік 9, (бұрынғы ЦУМ) мекенжайы бойынша өтеді.