Астана қаласында 2023 жылға арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ

Жұмыс берушілердің назарына!

2022 жылғы 02 желтоқсан Астана қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 01 желтоқсан № 158-3615 «Астана қаласында 2023 жылға арналған Азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысы күшіне енді.
Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылға арналған қаулысының тізіміне енген кәсіпорындар саны:
– мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындарының квотасы – 692 мекеме;
– пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындарының квотасы – 52 мекеме;
– бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындарының квотасы – 52 мекеме;
– ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру мекемелерінің түлектері болып табылатын жастарды жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындарының квотасы – 20 мекеме.
Жұмыс беруші тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-шы күніне дейін Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына белгіленген квоталардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуы керек.

Сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/documents/details/380324?lang=ru

 

Пайдалы ақпарат:

  1. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру мекемелерінің түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы
  2. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы
  3. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы
  4. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру мекемелерінің түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы

Толық ақпаратты телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады: 24-87-71; 24-87-14; 24-87-29; 24-89-38; 24-87-14, 24-87-79 8-700-956-98-09, l.zidlyaeva@czn.kz