Ағымдағы жылдың 21 қарашасында Қазақстан-Ресей әріптестік қатынастарын дамытудың маңыздылығын ескере отырып, Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында тағылымдамадан өтіп жатқан Ресей Федерациясы басқарушы кадрларының федералды резервінің өкілдері келді.
Тағылымдаманың мақсаты жұмыспен қамтуды арттыруға және халықтың табысын арттыруға бағытталған ұлттық жобалар мен бағдарламаларды табысты іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдары қызметінің қазіргі заманғы тәсілдері туралы тәжірибе алмасу және білім алу болып табылады.