Ағымдағы жылдың 7 қазанында «Жастарды жұмысқа орналастырудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының орынбасары Ерлан Джусупов, Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Сабит Жаманбаев, М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің «Құқықтану» Білім беру бағдарламасының жетекшісі Естер Бабаджанян, «Тұран-Астана» университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы Жорабек Абралиев қатысты.
Дөңгелек үстел модераторы Дәуренбек Даумов баяндама жасап, жоғары білікті жұмысшы кадрлар мен мамандарға деген қажеттілік туралы айтты.
Кездесу соңында тараптар жоғары білім беру жүйесінде кадрлар даярлау және оларды сотқа одан әрі жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы ниет білдірді.