Халықты жұмыспен қамту орталығы «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатысуға шақырады.
Жобаға оқуды 2 (екі) жыл ішінде оқуын аяқтаған және 29 (жиырма тоғыз) жастан аспаған білім беру ұйымдарының түлектері қатыса алады
«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша жұмысқа орналасу үшін үміткер Жұмыспен қамту орталығына мынадай құжаттарды қоса бере отырып, нысан бойынша өтініш береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) білімі туралы құжат;
3) еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса).
«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша жұмысқа орналасқан адамның еңбек қызметі кезеңі оның еңбек өтіліне есептеледі.
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де келесі бос орындар ашылды:
Тәрбиеші;
Диеталық тамақтану жөніндегі мейірбике;
Балабақшадағы бала күтушісі;
Медициналық мейірбике / аға.
Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» МКҚК-да әлеуметтік жұмыс орынының бос орны бар.
Қосымша сұрақтар бойынша мына нөмірлерге хабарласыңыз: 8 708 956 98 08, 8 (7172) 24-95-81