Қонақтар Орталық қызметімен танысты. Кездесу барысында халықты жұмыссыздықтан қорғаудың мемлекеттік шаралары, Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметіне белсенді форматтарды енгізу мәселелері, сондай-ақ жаңашыл бағдарламалар мен соңғы технологияларды енгізу жолдары талқыланды. Кездесуге Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Қабыкенқызы Жақыпова, Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Сабырбекұлы Оспанов және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Президенті Дәулет Рашидұлы Арғындықов қатысты.