Халықты жұмыспен қамту орталығы «Алғашқы жұмыс орны» жобасына жастарды қатысуға шақырады.
Жобаға 29 (жиырма тоғыз) жастан аспаған жастар, оның ішінде жұмыс тәжірибесі жоқ NEET санатындағы жастар қатыса алады.
Алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін үміткер жұмыспен қамту орталығына мынадай құжаттарды қоса бере отырып, нысан бойынша өтініш береді: жеке басын куәландыратын құжат, білімі туралы құжат (бар болса).
Алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналасқан адамның еңбек қызметі кезеңі оның еңбек өтіліне есептеледі.
Бос жұмыс орындар: Тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, ағылшын тілі мұғалімі, Фельдшер, Бухгалтер, пішуші, тігінші, Дизайнер, Маркетолог, Психолог, заңгер, математика мұғалімі, информатика мұғалімі, Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, Дене шынықтыру мұғалімі, әкімші, Курьер, кеңсе менеджері, іс жүргізуші, Актер.
Қосымша сұрақтар бойынша мына нөмірлерге хабарласыңыз: 8 708 956 98 08, 8 (7172) 24-95-81