2022 жылғы 8 тамыздан бастап 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды алуға өтінімдер қабылдау басталады. Өтінімдерді қабылдау «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде жүзеге асырылады. Ағымдағы жылы берілетін гранттар халықтың нысаналы топтарына ғана арналған:
– 29 жасқа дейінгі жастар;
– атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
– көп балалы отбасы мүшелері-көп балалы отбасы бойынша жәрдемақы алушы және (немесе) оның жұбайы (зайыбы);
– асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушыларды;
– қоныс аударушыларды, қандастарды;
– еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдарды;
– мүгедек баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған отбасы мүшелері;
Өтінімдерді қабылдау 4 лек шеңберінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. I поток (1-14 сәуір 2022г), II поток (8-19 тамыз 2022г), III поток (29 тамыз-9 қыркүйек 2022г), IV поток (19 қыркүйек – 30 қыркүйек 2022г).
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ағымдағы жылы 350 грант беру жоспарланған, оның ішінде 204 жастарға,146 халықтың әлеуметтік осал топтарына.
Ұлттық жоба аясында гранттар Бастау Бизнес жобасының соңғы үш жылғы түлегіне берілетін болады.
Өтінімдерді қабылдау 10 жұмыс күніне созылады, содан кейін қалалық Комиссия берілген өтініштерді қарайды. Комиссия отырыстарында үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын таныстыруы тиіс. Өтінім берілген күн комиссияның шешіміне әсер етпейді.
Комиссия «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми-білім беру мекемелерінің өкілдерінен, бизнес өкілдерінен, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарынан, салалық сарапшылардан қалыптастырылады.
Мемлекеттік грантты кепілді алу бөлігінде делдалдық қызмет көрсету туралы алаяқтық сипаттағы интернет-ресурстарда жарияланатын хабарландыруларға байланысты сақ болуды және бөгде тұлғалардың жалған хабарландыруларына сенбеулеріңізді сұраймыз.
Толық ақпарат алу үшін Бейбітшілік көшесі 9, мекен-жайына хабарласуыңызға болады. Тел. 24-94-72, 24-96-44, 8-700-956-98-10.