Ағымдағы жылдың 11 шілдесінде Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Байтасов жыл сайынғы «Қазақстанның үздік тауары 2022» көрме-конкурсына қатысты, оған біздің әлеуметтік серіктестеріміз: «Ayakoz-ana» ЖШС, «Бақытты шаңырақ» ҚҚ, «Хазифа» ЖК қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – жергілікті өндірушілерді қолдау, оларды қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға ынталандыру.
Анықтамалық:
«Ayakoz-ana» ЖШС есту қабілеті бұзылған мүгедектер үшін тігінші лауазымына екі арнайы жұмыс орнын ашты.
«Бақытты шаңырақ» қоғамдық қоры. Қоғамдық жұмыстар аясында бүгінгі күні 28 адам жұмысқа орналастырылды.
«Хазифа» ЖК қысқа мерзімді кәсіптік оқыту орталығының серіктесі болып табылады.