Ағымдағы жылдың 27 маусымында Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазіргі қоғамдағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды қолдау перспективалары» атты халықаралық фестивалі өтті.
Іс-шараға ғылыми қоғамдастықтың өкілдері, ҮЕҰ мен жеке қорлардың басшылары, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Грузия, Қырғызстан және Ресейден мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты.
Фестивалінің негізгі мақсаты-инклюзивті білім беруді дамыту, даму ерекшеліктері бар балаларды әлеуметтендіру, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтудың тиімді әдістерін талқылау.
Нұр-сұлтан қаласындағы ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб баяндама жасады.
Содан кейін, халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Байтасов іс-шараға қатысушыларды жұмысқа орналасуға жәрдемдесу туралы, Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметтері туралы хабардар етті.