2022 жылғы 27-29 маусымда Электрондық еңбек биржасы алаңында (Enbek.kz порталы) жастарға арналған республикалық бос жұмыс орындары онлайн-жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкенің ұйымдастырушылары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ.
Жәрмеңкені өткізу мақсаты – жастар мен түлектер үшін жұмыс орындарының қолжетімділігін кеңейту, лайықты үміткерлерді тарту арқылы жұмыс берушілер үшін іріктеу процесін жеңілдету және олардың жұмысқа орналасуына ықпал ету. Жәрмеңке 18-35 жас аралығындағы жастар үшін ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеге түрлі бизнес-бағыттар бойынша және түрлі өңірлерден Қазақстанның жетекші компаниялары қатысады. Жәрмеңке YouTube арнасында тікелей онлайн-трансляция арқылы өтеді.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде жұмыс берушілер онлайн-презентация өткізіп, өз компаниялары, жұмыс шарттары, ашық бос жұмыс орындары, жұмысқа орналасу ерекшеліктері және т.б. туралы айтып береді. Жұмыс іздеушілер бос жұмыс орындарына үн қосып, түйіндемелерін жолдай алады, сондай-ақ жұмыс берушілермен қысқа онлайн-сұхбаттан өте алады.
Ізденушілер үшін жәрмеңкеге тіркелу 2022 жылдың 20 маусымында басталады. Enbek.kz порталдың басты бетінде бос орындар жәрмеңкесінің баннері орналастырылады, оны басу арқылы жәрмеңкенің арнайы бетіне өтуге болады.