Жұмыс берушілерге арналған ақпарат

Жарияланған күні:
2022-9-03 сағат 19:06

Нұр-Сұлтан қаласының жұмыс берушілері!
________________________________________
Елорданың жұмыс берушілерін кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға қатысуға шақырамыз.
Арнайы жұмыс орындары мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін құрылады, арнайы жұмыс орындарын жарақтандыруға арналған жабдықты сатып алуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығындарды өтеу мақсатында жұмыс берушілерге субсидиялар беріледі.
Есту қабілеті бұзылған мүгедектерге бір жұмыс орнына 1 004 250 теңге, тірек-қимыл аппараты бұзылған тұлғаларға 765 000 теңге бөлінді.
Осы ұсынысқа қызығушылық танытқан жағдайда сізге өтінімді қағаз тасығышта “Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ-ге тапсыру қажет: Бейбітшілік көшесі, 25 (“Өркен” БО), Тел. 72-93-41, 95-44-23, +77053189792, +77759027353, www.enbek.kz, www.czn.kz

Жарияланған күні: 2022-9-03 сағат 19:06
Сілтеме https://czn.kz/zh-mys-berushilerge-arnal-an-a-parat-2/