Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жж.арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жұмыссыздық проблемасын шешуге бағытталған тиімді жоба. «Қоғамдық жұмыстар», «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» секілді бағдарламалар ел экономикасының дамуына әсер етіп, халықты жұмыспен қамтуға және жұмыссыздар санының артпауына мүмкіндік береді.
Елорда еңбек нарығында жұмыссыздық мәселесін реттеуге жауапты мекеме халықты жұмыспен қамту орталығы. Мұнда жұмыс іздеп келіп, өзіне қолайлы жұмыс табатын азаматтар көп. Солардың бірі- Байдильдинова Гүлмира Асқарқызы Орталыққа жұмысқа орналасуға өтініш білдірді.
“Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы аясында “Kazdream Management” ЖШС-не бухгалтер болып тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырылды.
Жұмыс істеймін деген адамға қашан да жұмыс табылған. Жұмыс берушілер тарапынан да, бос орын ұсынғанға сұраныстар күн сайын жаңартылып отырады.
Сондай-ақ жұмыс іздеп жүрген адамдардың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет порталында бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді өз бетінше қарауға мүмкіндігі бар www.enbek.kz, жеке кабинет құрыңыз және қашықтан жұмыс іздеуді белсенді жүргізіңіз.
Егер сіз жұмыс іздеп жүрсеңіз, жұмыспен қамту Орталығына келіңіз! Бірге көрейік!
Толық ақпарат алу үшін Бейбітшілік көшесі, 25, “Өркен”БО мекенжайына хабарласуға болады.
Жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма
Жұмыс уақыты: 08:30-18: 00 (Түскі үзіліс 13.00-14.30)
Байланыс телефондары:
8(7172) 57-86-95
8(7172) 57-88-88