Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы ” КММ “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде грант алуға құжаттар қабылдауды 3 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) ұзартылғаны туралы хабарлайды.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) мемлекеттік грант алуға өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат, ал қандастар үшін – қандастар куәлігі (салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасы ұсынылады);
3) бағдарлама шеңберінде оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) әзірленген бастапқы бизнес-жоспар;
5) бизнес-жоспардағы қаржыландыру құрылымына сәйкес коммерциялық ұсыныс;
6) жалға алу ниеті туралы шарт (жалға алу кезінде).
Маңызды! Үміткерлер міндетті түрде жұмыссыз тұлға ретінде egov.kz немесе enbek.kz электронды портал арқылы тіркелуі қажет немесе Нұр-сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына келуі керек. Жеке негізде жұмыспен қамтылған (ЖК) және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға (БЖТ төлеушілер) ретінде тіркеу Халықты жұмыспен қамту орталығында ғана жүргізіледі. Халықты жұмыспен қамту орталығында тіркеу болмаған жағдайда құжаттар қабылданбайды.
Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат сағат 8.30-дан 18.00-ге дейін. Түскі үзіліс: 13.00-ден 14.30 аралығы. Құжаттар тек жұмыс уақытында қабылданады.