Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссияда 15 өтініш қаралды, оның ішінде 13 жоба мақұлданды Жаңа бизнес идеялар: тіл орталығы, АВТО қаптарды тігу ательесі, жиһаз қаптарын тігу, жиһаз тарту, “Belle” маникюр мектебі, жеткізумен “AinaКулинарияPhotopark” сән және тігін үйі және басқалары.
Халықты жұмыспен қамту орталығы “Бастау бизнес” курсын немесе қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды аяқтағандардың грантын алуға өтініштер қабылдауды жалғастыруда. Мемлекеттік гранттар беру үшін қосымша қаражат бөлінуіне байланысты.
Анықтама: Жыл басынан бері комиссия 552 жобаны мақұлдады. Ағымдағы жылы гранттың ең жоғарғы сомасы – 583 400 теңге (200 АЕК).
Барлық туындаған сұрақтар бойынша Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына, Бейбітшілік к-сі, 25, “Өркен” БО, Байланыс телефондары: 95-44-16, 87777070144, 87777070160.