Бүгін алимент төлемдері бойынша жұмыссыз борышкерлерді жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мақсатында бос орындар жәрмеңкесі өтті.
Арнайы жәрмеңкені Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаменті, Нұр-Сұлтан қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы бірлесе ұйымдастырды.
Жәрмеңкеде “Казпочта”АҚ, “Comfort Construction Kz”ЖШС, “Аура Су”ЖШС, “Magnum Cash&Carry” ЖШС,«Нурбанк»АҚ, “12 Месяцев-Астана”ЖШС, “Охранное Агенство “Айыртау-Күзет” ЖШС, «Business Consulting Group Kz” (DIDI Taksi)Холдинг компаниясы өкілдері 40-қа жуық бос жұмыс орындарын ұсынды.
Жұмыс берушілер:электрик, көлік жүргізушісі, SMM-менеджер, аспаз,экспедитор, контролер, курьер, кассир тб. жұмысшылар іздеді.
Нұр-Сұлтан қаласының бос жұмыс орындары бар ұйым өкілдері, жұмыс берушілер жұмысқа іздеушілермен тікелей сұхбат жүргізіп, жолдамалар берді.