ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Хан-Шатыр» СОО, алғаш рет «Бастау Бизнес ” жобасы түлектері мен грант алушылардың өнім жәрмеңкесі өтті.
«Атамекен» ҰКП ұйымдастыруымен өткен бұл іс-шара «Бастау- бизнес» жобасының 5-жылдығына арналды. Жәрмеңкеде зергерлік бұйымдар мен киім, тоқыма өнімдері, ойыншықтар, суреттер, кәдесыйлар және басқа да тауарлар шығарылды.
“Бастау Бизнес” жобасы Нұр-сұлтан қаласында 2019 жылдан бастап Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек”мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Үш жыл ішінде кәсіпкерлік негіздеріне 6,2 мыңнан астам адам оқытылды. Жоба түлектері 1,7 мыңнан астам жаңа кәсіпкерлік субъектілерін құрды, 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрды.
2019-2021 жылдары 2061 қатысушы қаржыландыру алды, оның ішінде 1957 адам – 200 АЕК – ке дейінгі мемлекеттік гранттар, 59 түлек-2-5 млн теңгеден басталатын гранттар және жобаның 47 қатысушысы “АШҚҚҚ”АҚ-да қаржыландырылды.
Жәрмеңкеге ҚР-ның Парламент, маслихат депутаттары, «Нұр- Отан» партиясының өкілдері, жергілікті атқарушы билік өкілдері, кәсіпкерлер қауымдастығы мен ассоциация мүшелері келді.Кәсіпкерлермен кездесіп, отандық өнімдермен танысты.
Іс-шара мерекеге ұласып, арнайы дайындалған бағдарлама бойынша отандық киім дизайнерлері дефиле көрсетті.
Шараға келушілерді әсем әнмен күтіп алған музыканттар жәрмеңкенің шырайын ашты.
Айта кетейік, бүгінгі ұйымдастырылған шара карантин талабын сақтай отырып, жалғасты.