Бүгін Халықты жұмыспен қамту орталығында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара ұйымдастырылды. Сала мамандарын Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Б.Гарифуллин мен Орталық директоры А.Байтасов арнайы құттықтап, әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкерлерге Алғыс хаттар табыстады.
Нұр Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Б. Гарифуллин халықтық әлеуетін жақсарту жолында еңбек етіп жүрген сала қызметкерлерінің еңбегіне табыс тіледі.
Орталық директоры А.Байтасов елордада жұмыспен қамту аясын жақсарту жолында еңбек етіп жүрген әріптестеріне алғыс айтты.
“Сіздер әлеуметтік қорғау жүйесінде қолға алынған жаңашыл бастамаларды жүзеге асыруға атсалысып, елорданың еңбек нарығын реттеуге зор үлес қосып жүрсіздер. Жұмыссыздықпен күрес қашан да ең өзекті мәселелердің бірі. Жұмыспен қамту аясын жақсарту жолындағы еңбектеріңіз елене берсін”-, деп құттықтады.
Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі дәстүрге сай қазан айының соңғы жексенбісі аталып өтіледі. Мерекелік шара көркемөнерпаздар әзірлеген концерттік бағдарламамен жалғасты.