2021 жылғы 27 қазанда “Nur Otan” партиясының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалында қалалық мәслихатының фракциясы партиялық бақылау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Күн тәртібінде: Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыспен қамтудың белсенді шаралы туралы Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Б.Гарифуллин мен Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры А.Байтасов баяндама жасады.