2021 жылғы 13 қазанда Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Қалалық психикалық денсаулық орталығы” ШЖҚ МКК-де есірткіге тәуелді азаматтармен кездесу ұйымдастырды.
Азаматтардың әлеуметтік осал санаттарымен жұмыс бөлімінің басшысы Жанар Мусина емделушілерге “Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу шараларын көрсету” тақырыбына түсіндіру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын жобаларға қатысуға шақырды.
Әлеуметтік осал санаттағы азаматтар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға қызығушылық танытты.
Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы мүгедектігі бар -608, пробация қызметіндегі -51, түзету мекемесінен босаған – 29 азамат азамат жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, әлеуметтік осал санаттаға азаматтарға арналған 7 ақпарттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша қосымша ақпаратты байланыс номірлері:
8(7172) 75-93-41;
8(7172) 95-44-23;
8 (775) 902 7353;
8 (778) 707 0108 номерлері бойынша білуге болады.
Мекенжайы: Бейбітшілік көшесі-25, “Өркен” Бизнес орталығы.