Құрметті жұмыс берушілер!
“Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыссыз азаматтар қатарынан қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру мақсатында жұмыс берушілерден кадрларға деген қажеттілікке 2022 жылға өтінімдер қабылдайды.
Бағдарламаға қатысушының біліктілігі мен дағдыларының ерекшеліктеріне, сондай-ақ жұмыс берушінің қажеттіліктеріне қарай қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың ұзақтығы 6 айға дейін. Оқу жоспары жұмыс берушімен және Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасымен келісіледі.
Жұмыс беруші оқуға үміткерлерді: Халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынатын және/немесе Электрондық еңбек биржасында тіркелген үміткерлердің ішінен таңдау, бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне қатысу, өз бетінше жұмыс іздейтіндер, оның ішінде жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы дербес іріктейді.
Үміткерлерді таңдау сұхбат өткізу жолымен жүзеге асырылады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды өткізу үшін білім беру мекемелері “Атамекен” ҰКП-ның интернет-ресурсында орналастырылған Оқу орталықтары мен оқу орындарының тізіліміне тіркеледі.
Халықты жұмыспен қамту орталығы, Бағдарламаға қатысушы, жұмыс беруші және білім беру мекемесінің арасында төртжақты әлеуметтік келісімшарт жасалады.
Өтінім бергенде жұмыс берушілер қызметінің мемлекеттік тіркеуі туралы анықтаманы (куәлік/хабарлама) қоса беруі тиіс. Хат субъект басшысының қолы қойылған ресми болуы керек. Сонымен қатар, бос жұмыс орнының жалақы мөлшерін көрсетуіңізді сұраймыз.
Барлық сұрақтар бойынша “Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ келесі мекенжайы бойынша хабарласуға болады: Бейбітшілік көшесі, 25, “Өркен” БО.
Байланыс телефоны: 8(7172) 95 44 18
Сканерленген өтінімдерді қосымшамен бірге czn.otdelprof@mail.ru. электрондық поштасына жіберуге болады.