Хабарландыру

Жарияланған күні:
2021-13-10 сағат 18:00

“Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ хабарлайды.

“Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кемінде 25 мемлекеттік грант беру үшін қосымша қаражат бөлінуіне байланысты 29 жасқа дейінгі жастар санаты үшін құжаттарды қабылдау жарияланады.

Қажетті құжаттар тізімі:

1) мемлекеттік грант алуға өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат, ал қандастар үшін – қандастар куәлігі (салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасы ұсынылады);

3) бағдарлама шеңберінде оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;

4) әзірленген бастапқы бизнес-жоспар;

5) бизнес-жоспардағы қаржыландыру құрылымына сәйкес коммерциялық ұсыныс;

6) жалға алу ниеті туралы шарт (жалға алатын болсаңыз). 

Маңызды! Үміткерлер міндетті түрде жұмыссыз тұлға ретінде egov.kz немесе enbek.kz электронды портал арқылы немесе Нұр-Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелуі қажет. Жеке негізде жұмыспен қамтылған (ЖК) және өзін-өзі жұмыспен қамтыған (БЖТ төлеушілер) ретінде тіркеу Халықты жұмыспен қамту орталығында ғана жүргізіледі. Халықты жұмыспен қамту орталығында тіркеу болмаған жағдайда құжаттар қабылданбайды.

Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыс кестесі: Жұмыс күндері сағат 08:30-дан 18:00-ге дейін. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Құжаттар тек жұмыс уақытында қабылданады.

Жарияланған күні: 2021-13-10 сағат 18:00
Сілтеме https://czn.kz/habarlandyru-3/