Оралова Айгерім Жумабекқызы 2021 жылы сәуір айында жұмыс іздеп Жұмыспен қамту орталығына жүгінген еді.
Орталық мамандарының кеңесінен кейін “Еңбек” бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын “Әлеуметтік жұмыс орны” бойынша “Акниет и Ко” мекемесіне жұмысқа жіберілді.
Аталған мекемеге Бала-күтуші болып жұмысқа орналасты.
“Ақниет және Ко” Балдырған мектепке дейінгі балалар мекемесі” ЖШС балабақша
қызметін атқарады.
Әлеуметтік жұмыс орнын жұмыс беруші жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін құрады.
Бағдарлама бойынша жұмысқа орналасу кезінде аз қамтылған және көп балалы отбасы мүшелері, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған тұлғаларға басымдық беріледі. Жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың жалақысының 35%-ы мемлекет есебінен төленеді.
Әлеуметтік жұмыс орын – бұл, жұмыс беруші жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін Халықты жұмыспен қамту орталығымен келісім- шарт негізінде, олардың жалақысын субсидиялай отырып құратын жұмыс орны.
Әлеуметтік жұмыс орындарын салық және басқа әлеуметтік аударымдарды тұрақты жүргізіп отыратын және жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ жұмыс берушілер ұйымдастырады.
Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу мәселелері бойынша:
8 (7172) 72-93-56, 8(705) 329 7719 байланыс номерлеріне хабарласуға болады.