Биыл Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласында 14 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру, 483 уақытша жұмыс орнын құру көзделген. Оның 50 %-ы 244 орын Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылса, 291 тұрақты жұмыс орны.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы” жобасының іске асырылуын бақылау мақсатында құрылған мониторингтік топ “Көктал кентінің оңтүстік-шығысындағы көппәтерлі тұрғын үй кешендері” (І, ІІ-кезек) құрылысының жұмысымен танысты. Инженерлік желілер және абаттандыру”
Құрылыс салушының жоспары бойынша “№7 монтаж басқармасы” ЖШС 40 адам уақытша жұмысқа орналастырылды.
Жоба аяқталғаннан кейін 5 тұрақты жұмыс орнын құру көзделген.
Сондай-ақ, мониторингтік топ Сарыарқа ауданы “Көктал” тұрғын алабындағы № 20-2, 20-4, 12-1 және С165 көшелерінде “Нұр-Сұлтан қаласында кварталішілік инженерлік желілер мен автомобиль жолдарының құрылысы”, жобасын жүзеге асырушы “Прогресс KZ” ЖШС жұмысымен танысты. Жоба бойынша 19 жұмыс орнын құру жоспарланған, қазіргі уақытта 19 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жоба аяқталғаннан кейін 8 тұрақты жұмыс орнын құру көзделген.
Жұмысшылардың жалақысы 85 000 теңгеден – 250 000 теңге аралығында төленеді. Берілетін жалақы атқаратын лауазымына және орындайтын жұмысына байланысты белгіленеді. Ең төменгі еңбекақы 2 АЕК төмен болмауы керек.
2021 жылға арналған Жұмыспен қамту жол картасы объектілерінде мониторинг жүргізу бойынша жұмыстар алдағы уақытта бекітілген жоспарға және мониторингтік топтың жұмысқа бару кестесіне сәйкес жалғасатын болады