Мемлекеттік грант иегері – Гүлзада Әділханқызы “Бастау Бизнес 2021” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткеннен кейін 2021 жылғы 21 маусымда “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде “Qazaq taqia “Тақия өндірісі” бизнес-жобасын іске асыруына 583 400 теңге грант берілді.
Қызмет түрі: Тігін өнеркәсібі. Жоба Күлтөбе к-сі 7/1 мекен-жайында жүзеге асырылады.
Байланыс телефоны: 8 778 202 8512 Instagram: @qazaq_taqia “Менің сүйікті ісім қоғамға пайда әкелгеніне қуаныштымын.
Мен Ұлттық киім, оның ішінде тақия тігумен айналысамын. Жастардың ата-баба дәстүрлері мен түп-тамырын ұмытпауы үшін ұлттық киімдерді жаңғыртуға және жетілдіруге бар күш-жігерімді саламын”-, Гүлзада Әділханқызы.
Мемлекеттік грант алуға үміткерлер жұмыссыз азаматтар, кәсіпкерлер және өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген, “Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуын аяқтаған тұлғалар. 2021 жылы гранттың ең жоғарғы сомасы – 583 400 теңге (200 АЕК) деп белгіленген.