Мемлекеттік грантты іске асыру

Жарияланған күні:
2021-31-08 сағат 15:00

Мемлекеттік грант иегері – Байгондинов Қуаныш Ермекұлы

“Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткеннен кейін, “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы аясында “Жиһаз өндірісі” бизнес-жобасын іске асыру үшін 2021 жылғы 1 шілдеде грант алды.

Бөлінген қаражатқа шағын жиһаз цехын жабдықтады.

Жобаны Сембинов көшесі 9, 302 кеңсе мекен-жайы бойынша бойынша жүзеге асырады.

Байланыс телефоны:
8 775 222 21 87

Instagram: @sapa_furniture_design

“Біз тапсырыспен жиһаз жасаймыз. Тұтынушылар ерекше стильдегі жиһазды қалайды. Жұмысым өзіме қатты ұнайды, әсіресе клиенттерге дайын шыққан жиһазды көрсеткенде, олардың риза болған сәті маған  ерекше шабыт сыйлайды”, – дейді Қуаныш Ермекұлы.

Мемлекеттік грант алуға үміткерлер жұмыссыз адамдар, кәсіпкерлер және өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген, “Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуын аяқтаған адамдар болып табылады.

Ағымдағы жылы 400 мемлекеттік грант беру жоспарланған.

Комиссия жыл басынан бері 389 жобаны мақұлдады.

Мемлекеттік гранттың ең жоғарғы сомасы – 583 400 теңге (200 АЕК).

 

Жарияланған күні: 2021-31-08 сағат 15:00
Сілтеме https://czn.kz/memlekettik-grantty-iske-asyru-2/