Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы мен “Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы” ММ бірлесіп, білім беру және кәсіби, ғылыми техникалық қызмет салаларындағы жұмыс берушілермен онлайн форматта кездесу өткізді.
Еңбек заңнамасы, ҚР Заңы( халықты жұмыспен қамту туралы), азаматтардың жекелеген санаттарын (мүгедек адамдарды, жетім балаларды, пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды) жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына белгіленген квотаны орындау мәселелері бойынша түсіндірме берілді.