Құрметті жұмыс берушілер!
“Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ “Еңбек “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын” іске асыру шеңберінде жұмыссыз азаматтар қатарынан қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру мақсатында жұмыс берушілерден кадрларға қажеттілікке өтінімдерді қабылдауды 2021 жыл 6 тамызға дейін жүзеге асырады.
Жұмыс беруші оқуға үміткерлерді: халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынатын және/немесе электрондық еңбек биржасында тіркелген үміткерлердің ішінен таңдау, бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне қатысу, өз бетінше іздеу, оның ішінде жеке жұмыспен қамту агенттіктері арқылы іріктеу арқылы дербес іріктейді.
Үміткерлерді таңдау әңгімелесу өткізу жолымен жүзеге асырылады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды өткізу үшін білім беру ұйымдары “Атамекен”ҰКП-ның интернет-ресурсында орналастырылған оқу орталықтары мен оқу орындарының тізілімінен айқындалады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың ұзақтығы біліктілік пен дағдылардың ерекшеліктеріне қарай 6 айдан аспайды.
Халықты жұмыспен қамту орталығы, Бағдарламаға қатысушы, жұмыс беруші және білім беру ұйымы арасында төртжақты әлеуметтік келісімшарт жасалады.
Өтінім берген кезде жұмыс берушілерге қызметті мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы (куәлік/ хабарлама) қоса беру қажет.
Хат Субъектінің бірінші басшысының қолы қойылған ресми болуы тиіс. Сондай-ақ, бос орынның жалақы мөлшерін көрсетуіңізді сұраймыз.
Барлық сұрақтар бойынша” Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ
хабарласуға болады.
Мекен-жайы: Бейбітшілік көшесі 25, “Өркен” БО.
Байланыс телефондары:
8(7172) 95-44-16;
8(7172) 57-88-88
Сканерленген өтінімдерді қосымшамен бірге электрондық поштаға жіберуге болады czn.otdelprof@mail.ru.