Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанына АӘК алуға өтініштер қабылдау басталды. Құжаттар онлайн және оффлайн режимінде қабылданады. Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау, өтініш берушімен тікелей байланыстың алдын-алу мақсатында құжаттар онлайн режимінде egov.kz электронды үкімет порталы арқылы және Жанұя отбасы институтын қолдау орталығында Бейбітшілік к-сі 14, “Marden” бизнес орталығында қабылданады. Жұмыс уақыты: 09.00- 18:00. Түскі үзіліс: 13.00 -14.00. Құжаттарды қабылдау 1 шілдеден жүзеге асырылуда. Атаулы әлеуметтік көмек – бұл жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% -дан немесе 28 655 теңгеден аспайтын отбасының әр мүшесіне тоқсан сайынғы ақшалай төлем.