Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына Қызылорда қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары келді. Қызылордалық мамандар елорда Жұмыспен қамту орталығының жұмыс істеу процесімен танысып, тәжірибе алмасты.
« Елорданың Жұмыспен қамту орталығы біз үшін үлгі.Орталыққа тән қызметтер – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша жүзеге асырылатын кешенді іс-шараларды онлайн форматта көрсететіні қызықтырады. Жұмыс жүргізуде көп ілгері екенін байқалады. Орталықтан үйренетініміз көп. Алдағы уақытта тәжірибе алмасу мақсатында тығыз қарым-қатынас орнатқанымыз жөн деп санаймыз,” – деді, Қызылорда қалалық Жұмыспен қамту орталығының басшысы Төлеген Жақсылық.
Қазір Республика бойынша 203 Халықты жұмыспен қамту орталығы бар.