«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ демалыс кезеңінде 16-18 жастағы студенттер мен жалпы білім беретін жоғары сынып оқушылары үшін «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасын ұйымдастырады.
⠀
Қажетті құжаттар:
1. жеке куәлік;
2. оқу орнының оқу процесінен тыс қоғамдық жұмыстарға қатысуға жазбаша келісімі (жазғы демалыстың басталу күні мен аяқталу күнін көрсету қажет);
3. 18 жасқа толмаған тұлғаларға ата-анасының біреуінің не заңды өкілдерінің жазбаша, яғни аталған жұмыс баланың денсаулығына зиянын келтірмейтіндігі туралы келісімі болуы керек.
Жұмыспен қамту орталығында жазбаша келісімге қол қою барысында ата-анасының біреуі болуы қажет.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының мекен-жайы: Бейбітшілік к-сі 25, «Өркен» Іскерлік үйі.1 қабат. ⠀