“Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолдама берілмейді.

Жарияланған күні:
2021-8-06 сағат 16:44

«Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы ” КММ хабарлайды. “Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолдама берілмейді.

2021 жылғы сәуір айынан бастап 1200 адамды оқыту жоспарымен 1700 жолдама берілді, қазіргі уақытта 883 адам оқытумен қамтылды.
14 маусымнан бастап жолдама алған азаматтарды 3 кезеңге тіркеу басталады. 3 кезеңде 300 адамды оқыту жоспарланған.

Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің тапсырмасы бойынша жолдамалар халықты жұмыспен қамту орталығында (жұмыссыздарға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, жеке негізде жұмыспен қамтылғандарға) тіркелген кезде беріледі.

Осыған байланысты, БҮГІНГЕ ДЕЙІН Бастау бизнесіне жолдама алған үміткерлер жолдаманы жаңартуы қажет.
Қайта жолдама беру ағымдағы жылдың 7 маусымынан бастап халықты жұмыспен қамту орталығында (Бейбітшілік көшесі, 25) жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, жұмыссыз ретінде тіркеуден онлайн арқылы өтуге болады enbek.kz немесе egov.kz. өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды және жеке негізде жұмыспен қамтылғандарды тек халықты жұмыспен қамту орталығында тіркеу.
Бастау бизнесті оқытуға жаңа жолдамалар беру жоспардан асып кетуіне байланысты қарастырылмайды.
@akimat_nur_sultan
@upravlenie_zanyatosti
@saule_nurgozhina

Жарияланған күні: 2021-8-06 сағат 16:44
Сілтеме https://czn.kz/4028-2/