Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту

Жарияланған күні:
2021-8-06 сағат 16:26

Қожумов Сұлтанбек Мұсабайұлы, ІІ топтағы мүгедектігі бар азамат.
Жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеп келген Сұлтанбек Әлеуметтік осал топ азаматарымен жұмыс бөлімі мамандарының кеңесінен кейін өзіне қолайлы жұмысқа кірісті.
1 маусым күнінен бастап Қоғамдық жұмыстар бағдарламасы бойынша «Қазақ соқырлар қоғамы» Қоғамдық бірлестігінің филиалына жұмысқа тұрды.

Мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру – оңалтудың ең жақсы тәсілі. Ол материалдық тәуелсіздікті, және ең маңыздысы – қоғамға бірігуді көздейді. Соңғы уақытта әртүрлі қызмет салаларын автоматтандыруға байланысты мүгедектерге арналған жұмыс түрлерінің тізімі кеңейді. Мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын кәсіптер мен мамандықтардың атласы» әзірленді. Онда 16 мыңнан астам жұмыс бар. Сондай-ақ, Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша «Қоғамдық жұмыстар», «Жастар тәжірибесі», «Әлеуметтік жұмыс орындарына» жұмысқа жіберілді.

Әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша қосымша ақпаратты байланыс телефондары:
8(7172)75-93-41, 8(7172)95-44-23; ұялы тел.:+7 775 902 73 53; +7 705 318 9792 номерлері бойынша білуге болады.
Мекен-жайы: «Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, Бейбітшілік көшесі 25, «Өркен» Бизнес орталығы.
@akimat_nur_sultan
@upravlenie_zanyatosti
@saule_nurgozhina

Жарияланған күні: 2021-8-06 сағат 16:26
Сілтеме https://czn.kz/m-mkindigi-shekteuli-azamattardy-zh-myspen-amtu/