Мерзімінен шартты түрде босаған азаматтарды жұмысқа орналастыру

Жарияланған күні:
2021-8-06 сағат 16:20

1 маусым күні Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары Нұр-сұлтан қаласы “Алматы” ауданы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесіп профилактикалық есепте тұрған жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдармен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Іс-шара барысында босатылғаннан кейін жұмысқа орналастырудың өзекті мәселелері, әлеуметтік оңалту және бейімдеу, кәсіптік даярлау курстары, мемлекеттік грантқа қатысу және алу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша консультациялар беріліп, еңбек заңнамасы түсіндірілді.
@akimat_nur_sultan
@upravlenie_zanyatosti
@saule_nurgozhina

Жарияланған күні: 2021-8-06 сағат 16:20
Сілтеме https://czn.kz/merziminen-shartty-t-rde-bosa-an-azamattardy-zh-mys-a-ornalastyru/