Жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысында 59 өтініш қаралып, 21 жоба мақұлданды (жиһаз цехы, ателье, тігін шеберханасы, ТҚС, наубайхана, медициналық қалдықтарға арналған қораптар жасау, мұз кәмпиттер өндіру, жеміс чипстерін өндіру және басқалары).
Халықты жұмыспен қамту орталығы «Бастау бизнес» немесе қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарында оқығандардан мемлекеттік грант алуға өтініштер қабылдауды жалғастырады.
Анықтама үшін: ағымдағы жылы барлығы 400 грант беру жоспарланған. Жыл басынан бері комиссия 36 грантты мақұлдады. Биыл мемлекеттік грант сомасы – 583 400 теңге (200 АЕК).
Барлық сұрақтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласыңыз. Байланыс телефоны: 95-44-24. Мекен-жайы: Бейбітшілік к-сі, 25, «Өркен» Бизнес орталығы.