Елордадағы Жұмыспен қамту орталығының мамандары ҚР ІІД қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің « ЕЦ-116/1» «ЕЦ-166/10» түзеу мемелерінде болып, бас бостандығынан айырылған азаматтарды жұмыспен қамту аясында жүзеге асырылатын іс-шаралар туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Айта кетсек, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған жұмыс орындарын ұсынады.
Әр сәрсенбі күні біздің @czn_astana парақшасында қоғамның осал топ мүшелері үшін арнайы бос орындар ұсынылатынын еске сала кетеміз. Пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мәселе бойынша кеңес алу үшін 72-93-41, 95-44-23 телефондарына хабарласып білуге болады.