Алдағы уақытта пробация қызметі есебінде тұрған және бостандыққа шыққан азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Бұл туралы астанадағы Жұмыспен қамту орталығының мамандары хабарлайды.
Елордадағы Халықты жұмыспен қамту орталығы Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі пробация қызметі департаменттерімен бірлесе отырып 2021 жылы бас бостандығынан айырылу мекемелерінен босап шыққан азаматтарды жұмыспен қамту үшін арнайы бос орындар жәрмеңкесін өткізу кестесін бекітті.
Арнайы бос орындар жәрмеңкесі туралы czn_astanа, fb парақшаларында қосымша жариялайтын боламыз.