Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы әлеуметтік осал топ азаматтары – аз қамтылған отбасы мүшелері, мүмкіндігі шектеулі жандар ғана емес, пробация қызметі есебінде тұрғандардың да жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі.
2021 жыл басынан бері пробация есебінде тұрғандарға арналған 195 бос жұмыс орны берілді. Бостандыққа шыққан азаматтарға арналған вакансияларды астанадағы 6 мекеме ұсынып отыр.
Умаров Жамбыл Нұрмаханұлы 28 қаңтар күні елордадағы Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде келді. Орталық мамандарының жәрдемдесуімен бірнеше күні ішінде жұмысқа орналастырылды. Қазір ол «Муканова К.А.» жеке кәсіпкерде аула сыпырушы болып жұмыс істейді. Алдағы уақытта адал еңбекпен тіршілік етсем деген ойы бар.
Пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мәселе бойынша кеңес алу үшін -75-93-41, 95-44-23 телефондарына хабарласып білуге болады.