Жұмыспен қамту орталығы жұмыс істеуге ниетті әрбір азаматының өз мүмкіндігі мен қалауына сай келетін жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі. Орталыққа қоғамның осал тобына жататын азаматтар мен мүгедектігі бар жандар келеді.
Қалауова Әсел Жодыбекқызы 3 топ мүгедектігі бар жанның біпі. Ол қай кезде де белсенді өмірге құштар.2021 жылдың қаңтар айында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеп келді. Орталық мамандары Әселдің мүмкіндігіне орай жұмысқа орналасу бос жұмыс орындарын ұсынды. Қоғамдық жұмыстар бойынша 2 ақпан күні “Астана-ЕРЦ”ЖШС жұмысқа шықты.
Егер сіз де жұмыс іздеп жүрген болсаңыз, астанадағы Жұмыспен қамту орталығына келіп, мамандардан кеңес алыңыз. Орталықтың қоғамның осал топ мүшелерімен жұмыс істеу бөлімінің байланыс тел: 8 705 318 97 92;72-93-41.