11 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті бастығының м.а. полиция полковнигі Б. А. Малыбаевтың төрағалығымен «Жергілікті полиция қызметі басқармасының, Пробация қызметінің және Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қылмысты қайталаудың және жазасын өтеген адамдарды қайта әлеуметтендірудің алдын алудағы өзара іс-әрекеттері туралы» мәселені қарау бойынша дөңгелек үстел өтті. Проблемалық мәселелер бойынша ПД ЖПҚБ бөлімінің бастығы Садыков А. С., ҚАЖД пробация қызметінің бастығы Сералиев Ж. С., Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Карымбаева М. А. сөз сөйледі. Жиын барысында қаланың мүдделі мекемелері мен кәсіпорындарын барынша тарта отырып, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін бос жұмыс орындарының мақсатты онлайн-жәрмеңкелерін өткізуді жандандыру туралы ұсыныстар айтылды.