Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының назарына!

Жарияланған күні:
2021-10-02 сағат 2:48

 

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты  -«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы  арқылы еңбек нарығын дамыту» жобасы аясында  09-12 ақпан күндері Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл   ауданына ерікті  қоныс аудару бойынша өтінімдер қабылдайды!!!

Бағдарламаның мақсаты: жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлік диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою. Оңтүстік  азаматтарының  солтүстікке қоныс аударуына жағдай жасап, жұмыспен қамту.Бүгінге дейін – Түркістан, Жамбыл, Қызылорда  облыстары және  Алматы, Шымкент, Нұр-сұлтан  қалаларының  тұрғындары солтүстікке қоныс аударды.

Бұл бағдарлама  не береді?

  • Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту;
  • Баспанамен қамтамассыз етіледі;(жаңадан салынған үйлер беріледі)
  • Көшу кезінде кеткен шығындар мемлекет есебінен төленеді.Әрбір отбасы мүшесіне 35 АЕК(102 095т) төленеді.

Ерікті қоныс аударуға:

  • Серпін жобасына қатысушылар
  • Жас мамандар
  • Жұмыссыз азаматтар
  • Республиканың оңтүстік аймақтары мен мегаполис қалалардың тұрғындары қатыса алады.

Жамбыл  ауданы   Петропавловск қаласынан  150  шақырым қашықтықта орналасқан.  Аудан орталығы- Пресновка. Аудан мал шаруашылығы мен егін егуге аса қолайлы. Сондықтан, тракторшы, механизатор, мал дәрігері, СЕ категориялы көлік жүргізушілеріне сұраныс жоғары. Әкімшілік қызметкерлер, дәрігер, мұғалім  мамандары аса  қажет.  Мамандықтар тізімін суреттерді жылжытып көруге болады.

Кеңес алу үшін байланыс номері:  8(715)4421830;8 777 923 51 61.СҚО Жамбыл ауданынының Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары  Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік к-сі – 25, «Өркен» Іскерлер орталығында қабылдайды.

Жарияланған күні: 2021-10-02 сағат 2:48
Сілтеме https://czn.kz/n-r-s-ltan-alasy-t-r-yndaryny-nazaryna/