Мемлекетіміздің əрбір көмекке зəру жандарына қол ұшын созатын, халықтың әлсіз топтарына- қарттар мен көп балалы және күнкөрісі төмен отбасыларға, мүгедектігі бар жандардың қоғамға бейімделуіне үлкен дәнекерлік сипатта жұмыс жасайтын әлеуметтік жұмыс мамандары.
Бүгін осындай көзге көріне бермес, қиындығы көп жұмысты еңсеріп жүрген елордадағы Халықты жұмыспен қамту орталығы мамандарын Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшы орынбасары Гарифуллин Бахтияр Салаватұлы арнайы құттықтай келді.
Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Бақытжан Кабжанов орталық мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтап,бақыт пен денсаулық, еңбектеріне табыс пен өркендеу тіледі.
Мерекелік шара барысында жұмысымен ерекшеленген үздік әлеуметтік қызметкерлер марапатталды.Елордадағы Халықты жұмыспен қамту орталығында 114 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді.
Сондай-ақ, әлеуметтік қызметкерлер күніне орай ұйымдастырылған балалар сурет байқауының жеңімпаздары анықталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.