Бөлім басшысы
- Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі-Бағдарлама) жүзеге асыру;
- Азаматтардың әлеуметтік-осал санаттары қатарынан өтініш білдірген тұлғаларды, атап айтқанда: мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды (мүгедектерді), бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды, пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларды және кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе жоғалтқан, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын 23 жасқа дейінгі жастарды тіркеу;
- Жұмыс іздеп жүрген тұлғаларға және азаматтардың жекелеген санаттарының қатарындағы жұмыссыздарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдесу, жұмысқа орналасу үшін жолдама беру;
- Азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындары квотасының орындалуы туралы жұмыс берушілерден мәліметтер жинау;
- Еңбек делдалдығын көрсету;
- Бос жұмыс орындарын іздеу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жұмыс берушілермен кездесулер өткізу;
- Жұмысқа орналастыру және мүдделі құрылымдармен және ұйымдармен, сондай-ақ ҮЕҰ-мен бірлескен іс-қимыл жасау мәселелері бойынша іс-шаралар, кеңестер, жұмыс кездесулерін өткізу.
Байланыстар: 249603, 249586, +7 700 956 98 34 kvota_2018@mail.ru |