Ел Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында елордада 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасының инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыру басталды. Жол картасы келесі жұмыс түрлері мен нысандар бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды көздейді:
1) әлеуметтік-мәдени нысандарды – білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт, бос уақыт және демалыс, халыққа қызмет көрсету нысандарына күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту (сейсмикалық қауіпті өңірлер үшін сейсмотұрақтылығын күшейте отырып күрделі жөндеуге жол беріледі);
2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын (сумен жабдықтау, кәріз, газ, жылу, электрмен жабдықтау, көп пәтерлі тұрғын үйлер нысандарын) күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту;
3) инженерлік-көлік инфрақұрылымын (қалалық көлік жолдары, кентішілік және ауылішілік жолдар, кірме жолдар, тротуарлар, бөгеттер, дамбалар мен көпірлер, арналар, су шаруашылығы нысандары мен құрылыстары) күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту, салу;
4) елді мекендерді (аулаларды абаттандыру, көшелерді, саябақтарды, скверлерді жарықтандыру және көгалдандыру, иесіз нысандарды бұзу, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын және спорт алаңдарын жайластыру) абаттандыру.
Бүгінгі күні жобаларды іске асыруға қажетті білікті мамандарды іріктеу басталды.
Байланыс нөмірлері: 8707-271-06-10, 8747-108-21-96, 8775-777-10-06, 57-88-89, 72-93-62