Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау Орталығының алаңында елорда тұрғындарының өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Бағдарлама еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік дағдылар мен біліктіліктер алудың тиімді жүйесін құруға, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға, оның ішінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауға бағытталған.
⠀⠀
Мекен-жайы: «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы, Бейбітшілік көшесі 14, «Marden» БО
Күні: 29.01.2020⠀
Уақыты: 9.00-13.00