Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамту бойынша қызметтер көрсетеді. Олардың бірі «Жұмыс іздеуші тұлға ретінде тіркелу». Тіркеудің міндетті шарты – ЭЦҚ кілтінің болуы.
Жұмыссыз және тиісті бос жұмыс орнын іздеп жүрген тұлғалар, тіркелу үшін жұмыспен қамту Орталығына жүгіне алады.
Жұмыс іздеуші тұлға ретінде тіркелу үшін, келесіні ұсыну қажет:
- Өтініш
- ЭЦҚ
- Жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа)
- Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
- Еңбек қызметін растайтын құжат (түпнұсқа)
Нұр Сұлтан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығына хабарласыңыз
Бейбітшілік к-сі 25, «Өркен» ІО
Call center: + 7 7172 57-88-88